Әулиекөл аудандық орталықтандырылған кітапханалық жүйесі

Аулиекольская районная централизованная библиотечная система




Среда, 08.05.2024, 05:47
Приветствую Вас Гость | RSS

Аулиекольская ЦРБ выполняет информационно-библиотечное обслуживание населения райцентра. Книжный фонд библиотеки составляет 48536 экземпляров. Это литература по всем отраслям знаний, справочная, художественная. Библиотека выписывает 73 наименования периодических изданий.

Меню сайта
Статистика
Онлайн всего: 0
Гостей: 0
Пользователей: 0

Новости » Архив материалов

15 қазанда Сұлтан Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназияда вице-прехидент, мемлекет қайраткері, дипломат, экономика ғылымдарының докторы Асанбаев Ерік Мағзұмұлына арналған мемориалды тақтаның ашылу салтанаты болды. Аудандық кітапхана мектеп-гимназияның фойесінде Е.Асанбаевтың өмірі мен қызметіне туралы кітаптар мен мұрағат ққұжаттарының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шараға аудан әкімі  Ж.Таукенов, депутаттар, ауданның құрметті азаматтары,мемлекеттік органдардың басщылары, облыстық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Шараға қатысушылар мемлекеттік қайраткердің қызметін, оның тұлғасын жоғары бағалайтындықтарын және есте тұтатындықтарын айтты.

  

15 октября в Аулиекольской школе гимназии имени Султана Баймагамбетова сост ... Читать дальше »

Просмотров: 700 | Добавил: aulzbs | Дата: 17.10.2016 | Комментарии (0)

 Елімізде  жыл сайын «Бір ел-бір кітап» атты акция өткізу дәстүрге айналды. 2016 жылы Қазақстан  жұртшылығы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебииеті тарихындағы белгілі ақын Дулат Бабатайұлының  «Өсиетнама» атты шығармасымен танысып, оқуда. Аудандық кітапханада ауылшаруашылық колледжінің студенттерінің қатысуымен «Дулат оқулары» өтті. Шараға қатысушылар «Өсиетнама» жинағынан өлеңдер оқыды. Баядилов Дияс, Молдағалиев Молдабек, Коштай Бекзат, Кинтаев Бейбіт, Нұрахметов Арман «Қайғылыны уаттым», «Сүлейменге», «Сандықтас», «О, Сарыарқа, Сарыарқа...», «Иманды бұл дүниеде» атты өлеңдерді жатқа оқыды. Жастарға арналған бұл шарада акцияның тарихы, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтылды, кітап көрмесі әзірленді. Белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. 

 

... Читать дальше »

Просмотров: 756 | Добавил: aulzbs | Дата: 29.09.2016 | Комментарии (0)

 22 қыркүйекте аудандық кітапхананың оқырман залында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Язык моих предков угаснуть не должен» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Байқауға И.Сьянов атындағы №3 мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар М.Дулатов, Ж.Молдағалиев, А.Шаяхмет,А.Қажи, Т.Шевченко және т.б. авторлардың Отан туралы, туған тіл туралы өлеңдерін әр тілде оқыды. Байқау соңында әділқазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтады, олар Қаби Динара, Фролова Ильмира, Мысыр Жанель. Шара соңында Қазақстан халқының салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары туралы викторина өткізілді. 

 

22 сентября в читальном зале районной библиотеки прошел конкурс чтецов «Язык моих предков угаснуть не должен»пос ... Читать дальше »

Просмотров: 330 | Добавил: aulzbs | Дата: 26.09.2016 | Комментарии (0)

  22 қыркүйекте Әулиекөл аудандық кітапханасында аудан кітапханашыларына арналаған «Қазіргі кезеңде кітапханалық қорды есепке алу және жабдықтау» атты семинар өтті. Өзекті мәселені талқылауда ОКЖ директоры, бас мамандар, ауданның селолық кітапханашылары қатысты. Бүгінгі таңда кітапханалар дәстүрлі кітаптар, мерзімдік басылымдардан басқа электронды ақпарат таратушылармен жабдықталған. Кітапханаларда әдебиетті есепке алу мен іздеуге арналған автоматтандырылған бағдарламалар енгізілуде. Жабдықтау көздері кеңейтілуде. Осы және басқа да сұрақтарды аудан кітапханашылары семинарда қарастырды. Теориялық кеңес беру жұмыс тәжірибесін талдаумен алмасты. 2009 жылы ОКЖ-не енгізілген РАКАЖ бағдарламасы оң нәтиже  көрсетуде. ОКЖ кітап қорының электронды каталогы  құрылды. Бұл бағыттағы маңызды міндеттің бірі – РАКАЖ бағдарламасын селолық кітапханаларға енгізу және оларды ғаламтор жүйесіне қосу. 

... Читать дальше »

Просмотров: 297 | Добавил: aulzbs | Дата: 23.09.2016 | Комментарии (0)

2016 жылғы 5 қыркүйекте Әулиекөл селосында  «Ахмет Байтұрсынұлы және мәңгілік ел мұраты» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция және қазақтың ұлы ойшылы Ахмет Байтұрсыновқа арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі А.Мұхамбетов, мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев және басқа да елімізге белгілі ғалымдар мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Ескерткіштің ашылу  салтанатынан кейін жиналғандар аудандық мәдениет үйіндегі көрмені тамашалады. Аудандық кітапхана «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының ар-ожданы», «Ұстаз  тағдыры  құжаттар  мен  деректерде» атты кітап көрмелерін ұсынды. Көрмелерге Ахаңның мұралары, кітаптары, тарихи–деректі материалдар, А.Байтұрсыновтың шығармашылығы бойынша мерзімдік басылымдар қойылды.  Ахмет Байтұрсынов сан қырлы тұлға мен &nbs ... Читать дальше »

Просмотров: 915 | Добавил: aulzbs | Дата: 07.09.2016 | Комментарии (0)

ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында Әулиекөл ОКЖ Аманқарағай СК  «Мен өз елімнің патриотымын» «Я патриот своей страны» атты патриоттық сағат өткізді. Аталмыш шара ойын-сауық орталығының акт залында  өтті, оған  И.Н.Островский атындағы орта мектептің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты  өз Отанын сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу. Кітапханашылар экономикасы дамыған,   болашаққа деген үлкен үміті бар тәуелсіз демократиялық мемлекет туралы, еліміздің Прехиденті –өз елінің патриоты, данышпаны Н.Ә.Назарбаев туралы әңгімеледі. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын мемлекеттік рәміздерге ерекше назар аударылды.  Балалар патриотизм туралы сауалнама сұрақтарына жауап беріп, викторинаға қатысты. Шара «Менің Қазақстаным» атты бейнеролик көрсетумен аяқталды.

... Читать дальше »

Просмотров: 630 | Добавил: aulzbs | Дата: 02.09.2016 | Комментарии (0)

«Әдеби Қостанай» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына Әулиекөл ОКЖ Млскалев МК-да түрлі жастағы оқырмандар жиналды.  Байқауда еркін  тақырыпта өлең оқуға болады.Біздің мақсатымыз Қостанай өңірінен шыққан ақындар туралы білімдерін толықтыру, поэзиялық шығармашылыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, мәнерлеп оқи білу дағдыларын қалыптастыру,  көпшілік алдына шығу және басқаларды тыңдап, өз өнерін көрсете білу. А.Досовтың, А.Кажидың, С.Мухатинаның, С.Оспановтың өлеңдері жатқа оқылды. Шараға қатысушылар мен тыңдаушылар өз білімдерін толықтырып, жақсы әсер алды деп айтуға болады. Байқау жеңімпаздары Нұрканов Мади, Досмадьярова Мадина, Садвакасова Айдана болды. Байқауда «Қостанай облысының ақын-жазушылары» атты слайд көрсетілді.

 &nb ... Читать дальше »

Просмотров: 341 | Добавил: aulzbs | Дата: 25.08.2016 | Комментарии (0)

19 августа  2016 года   в  районной библиотеке прошло  необычное мероприятие, в  необычное время для читателей с 19.00.  до 23.00 часов   «Библионочь - 2016».  «Библионочь» — новая акция, это ежегодный масштабный фестиваль в поддержку  чтения.  В эту ночь библиотеки, расширяют время и формат своей работы.  Всем кто  пришел на ночное свидание с книгой библиотекари подготовили  развлекательную программу  «Колдовской  Квест»: Ночные гадания - құмалақ салу, гадания на картах Руно,  колдовские зелья, волшебные напитки. Была представлена книжная выставка «По страницам мистических книг», демонстрировался электронный обзор книг «Ночной нон-стоп».  Библиотерапия «Книжная аптека от всех недугов» проводилась совместно с медицинским психологом Дериглазовой Т.Ю. Было  организовано &laq ... Читать дальше »
Просмотров: 288 | Добавил: aulzbs | Дата: 22.08.2016 | Комментарии (0)

Қостанай облысының 80-жылдығын тойлау аясында Әулиекөл аудандық кітапханада оқырмандарға арналған «Әулиекөл жерімен» атты әдеби-тарихи саяхат өткізілді. Жүргізушілер экскурсия түрінде Қостанай облысының құрылғаны және Әулиекөл ауданының шығу  тарихы туралы әңгімеледі. Шараның шарықтау шегі ретінде жергілікті прозаик жазушы Ақдәулет Сатыбалды Әбілұлымен кездесу болды. Шараға қатысушылар жазушының шығармашылығымен танысты. «Батыр Дүзей» атты жаңы тарихи кітаптың тұсаукесеру өтті. Оқырмандар жерлес жазушының шығармашылығына аса үлкен құрмет танытты.  Кездесу барысында жазушы өз кітаптары туралы айтып, жүргізушілердің, залда отырғандардың сұрақтарына жауап берді. Шара слайд-тұсаукесер  және бейнефильм көрсетумен әсерленді. 

   ... Читать дальше »

Просмотров: 615 | Добавил: aulzbs | Дата: 08.08.2016 | Комментарии (0)

«Қазақстан халқы Ассамблеясының  этномәдени бірлестіктердің жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуды қамтамасыз ету бойынша арнайы бағдарламасын» жүзеге асыру аясында, «Қоғамдық келісім» РММ және КММ еліміздің кітапханаларымен бірлесіп, этно-ағарту кешендері және барлық тілек білдірушілер арасында жалпықазақстандық ашық диктант жазуды өткізді.  
Әулиекөл орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігінің 25-жылдығына арналған жалпықазақстандық ашық диктант жазуға 30 адам қатысты.  Бұлар түрлі ұлт өкілдері, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, студенттер. Ашық диктант жазудың басты мақсаты – жеке сауаттылықтарын тексеру және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. Диктантты аудандық тілдерді оқыту орталығы мамандарынан құрылған Тексеру комиссиясы бағалады. Жақсы жазылған жұмыстар алғыс хаттармен марапатталды. Әсіресе, диктантты сауатты жазғандар: ... Читать дальше »
Просмотров: 437 | Добавил: aulzbs | Дата: 18.05.2016 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 4 5 6 7 8 9 »
Вход на сайт
Контакты
телефон: 8-714-53-21-1-52
                
e-mail: aulzbs@mail.ru
Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Погода