Главная » 2017 » Декабрь » 15 » «Тәуелсіздік алып келген желтоқсан» әдеби-сазды композициясы - литературно-музыкальная композиция «Тәуелсіздік алып келген желтоқсан»
09:47
«Тәуелсіздік алып келген желтоқсан» әдеби-сазды композициясы - литературно-музыкальная композиция «Тәуелсіздік алып келген желтоқсан»
Әулиекөл аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мейрамы қарсаңында «Туған жер» бағдарламасы аясында И.Сьянов атындағы орта мектепте «Тәуелсіздік алып келген желтоқсан» әдеби-сазды композициясы өтті. Іс-шара мемлекеттік тілде жүргізілді. Іс-шара мақсаты: өз еліне деген мақтаныш сезімін, жоғары отансүйгіштік сананы қалыптастыру, азаматтық борышты сезіну және әр адамның тарих беттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Слайд-презентация «Желтоқсан желі ызғарлы» тұсаукесері интерактивті тақта арқылы көрсетілді. Қазақстан туралы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Жүргізушілер Тұрмухамбетова Ж.К. және Суюндукова Г.Б. Қазақстанның тарихы және 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары туралы айтып берді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналуы туралы ой қозғап, өз көзқарастарынан дәлел келтірді. Іс-шараның қорытындылай келіп викторина жүргізілді, белсенді қатысушылар мерекелік буклеттерге ие болды. Шақырылғандар 9 сынып оқушылары, барлық қатысқандар - 25 адам.
Аулиекольская районная библиотека предверии празднования Дня Независимости Республики Казахстан, в рамках программы «Туған жер» в школе имени И.Сьянова была проведена литературно-музыкальная композиция «Тәуелсіздік алып келген желтоқсан». Цель мероприятия: формирование высокого патриотического сознания, чувства гордости за свою страну, чувства гражданского долга и ответственности каждого перед лицом истории. Была оформлена книжная выставка «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы». Мероприятие сопровождалось слайд-презентацией «Желтоқсан желі ызғарлы». Демонстрировался видеоролик о Казахстане. Мероприятие началось с исполнения гимна Республики Казахстан. Ведущие Турмухамбетова Ж.К. и Суюндукова Г.Б. рассказали об историю Казахстана и о декабрьских событиях 1986 года. В ходе мероприятия ребята размышляли о становлении Казахстана как независимого государства, аргументировали свою точку зрения. В ходе мероприятия проведена викторина, активные участники получили праздничные буклеты. Были приглашены учащиеся 9-х классов, всего присутствовало - 25 человек. Мероприятие проходило на государственном языке.